Қазақстан легионерлерді қаржыландыруды толық тоқтатады

Редакция Ulyssport

Қазақстан билігі Олимпиада ойындарынан кейін легионерлерді қаржыландырудан толық бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Коллаж Ulysmedia

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына берген жауабында айтты.

Тілші шенеунікке Олимпиада нәтижелерінен кейін Тоқаев шетелдік спортшылардан бас тарту тәжірибесін енгізуге шақырғанын еске салған.

Мырзабосынов қазіргі уақытта Парламентте мемлекеттік бюджеттен легионерлерді қаржыландыру толығымен тоқтатылуы тиіс заң жобасы бар екенін мәлімдеді.

– Бүгін бізде Мәжілісте заң жобасы бар, ол бойынша легионерлерді бұдан былай қаржыландырмайтынымыз жөнінде түзетулер бар. Әрине, біздің басты міндетіміз — өз спортшыларымызды жетілдіру және оларға үміт арту. Егер заң жобасы шықса, онда қаржыландыру болмайды, - деді ол.

Тілші Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және басқа да танымал спортшылар мемлекеттік қолдаудан айырыла ма деп сұрақты нақтылаған.

Министр Қазақстан азаматтығын әлі алмаған спортшылар туралы айтып отырғанын түсіндірді.

– Егер спортшы Қазақстан азаматы болмаса, онда ол қаржыландырылмайды, — деді министр.

Бұған дейін президент шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтқан еді.