Қазақ күресінен ұлттық құраманың бес спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.
Ерлер: Ерсұлтан Мұзаппаров (100 келі) пен Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг) финалда күреседі. Ал 90 келіде Ерасыл Жанатаев қола жүлдеге таласады. 82 келіде сынға түскен Ерсін Сейітқазы алғашқы белдесуде қарсыласына есе жіберді.
Әйелдер: Зарина Сарипова (65 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі), Зәмзәгүл Файзолланова (77 келі) финалға шықты. Ал +77 келіде Альбина Бахиева қола жүлде үшін күреседі.
Қазақ күресінен алғашқы жарыс күні сынға түскен қазақстандық сегізспортшы алтын жүлдеге ие болды.