Құрама қоржынында 21 алтын, 10 күміс, 17 қола медаль бар, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бүгінгі жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 7 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы 21 алтын, 10 күміс, 17 қола медальмен жалпы есепте көш бастап келеді. Одан соң 23 медальмен Қырғызстан, 24 медальмен Өзбекстан, 21 медальмен Ресей құрамалары жайғасқан.
Бұған дейін
Кураштан қазақстандық 7 спортшы жартылай финалға жолдама алып, оның төртеуі ақтық сынға жолдама алды. Өкінішке қарай, екінші жарыс күні отандық спортшыларға алтын бұйырмады. Осылайша, қазақстандық балуандар 4 күміс, 3 қола жүлде иеленді.
1. Марат Нигматуллаев – қола жүлде (ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі)
2. Ернұр Сүлейменов – күміс жүлде (ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі)
3. Айбек Қазақбаев – күміс жүлде (ерлер арасында 66 келі салмақ дәрежесі)
4. Толғанай Абеуова – күміс жүлде (әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі)
5. Алтынай Нұрханова – қола жүлде (әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі)
6. Нұрдін Шаймерден – күміс жүлде (ерлер арасында 73 келі салмақ дәрежесі)
7. Әділет Ахметғали – қола жүлде (ерлер арасында 73 келі салмақ дәрежесі)
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні қазақстандық 6 спортшы кураштан жартылай финалға жолдама алып, үшеуі ақтық сында бақ сынады. Ал жалпы кураштан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 6 күміс 6 қола жүлдеге ие болды.