Қазақстандықтар көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан үш алтын медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Қазақстан құрамасы көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан ұлттық құрамасы тоғызқұмалақтан турнирде тамаша өнер көрсетіп, үш алтын медаль жеңіп алды. Осы спорт түрінен командалық есепте бірінші орынға шықты.

Әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы алтын, ал Ансаған Қожанасып күміс алды. Ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлдегер атанды.

Жеке жетістіктерден басқа, Қазақстан құрамасы да көшпенділер ойындарының тағы бір алтын медаль қосып, командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында финалға шықты. 

Бұған дейін Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінің қорытындысы бойынша 23 медаль жеңіп алғаны хабарланған болатын.