Алыптар сайысында Азамат Мақұлбеков жеңімпаз атанды

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Осылайша Қазақстан қоржынына кезекті алтын түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыптар сайысы бойынша Азамат Мақұлбеков жеңімпаз атанды.

Дәл осы сайыстан бірнеше минут бұрын арқан тартыстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында күміс жүлдеге ие болған еді. 

Бұған дейін

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
 
Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.