Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан командасы күміс жүлде алды

Редакция Ulyssport

Дәстүрлі садақ атудан командалық сайыста Қазақстан командасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық садақшылар финалда Аустралия командасымен бәсекеге түсті. Жарыс қорытындысы Аустралия алтын жүлдеге ие болса, қазақстандық садақшылар екінші орын алды.

Командалық сайысқа 16 елдің құрамасы қатысты.