Қазақстан құрамасының мүшесі қырғыз спортшысын екі рет қамшымен салып жіберген, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шеңберінде көкпардан турнирдің финалдық матчының нәтижесіне наразылық білдірді.
Бірінші таймда қырғызстандықтар 3:1 есебімен алға шыққан. Алайда 13-ші минутта Қазақстан құрамасының мүшесі қырғыз спортшысын екі рет қамшымен ұрғандықтан ойын уақытша тоқтатылды. Құқық бұзушы ойыннан 2 минутқа шеттетілді.
Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.