Көшпенділер ойынында бұл жолы қырғыз елінің спортшылары басым болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден жарыс аяқталды. Қазақстан 4:10 есебімен Қырғызстан құрамасына есе жіберді.
Бұған дейін
Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шеңберінде көкпардан турнирдің финалдық матчының нәтижесіне наразылық білдірген еді.
Бірінші таймда қырғызстандықтар 3:1 есебімен алға шыққан. Алайда 13-ші минутта Қазақстан құрамасының мүшесі қырғыз спортшысын екі рет қамшымен ұрғандықтан ойын уақытша тоқтатылды. Құқық бұзушы ойыннан 2 минутқа шеттетілді.
Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.