Бұл туралы ұйымдастырушылар алқасы ескертті, деп хабарлайды Ulyssport.kz
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталуға жақын. 8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында 89 елден 2500-ге жуық спортшы келді.
Ойындар 13 қыркүйек күні аяқталады. Ұйысдастырушылар биыл көктемде бюджеттің қысқаруына байланысты, жабылу рәсімі хаттамалық форматта және көрерменсіз өтетінін хабарлады. Шараны қазақстандық жетекші телеарналардың тікелей эфирінен тамашалауға болады.
Сондай-ақ ойындардың жабылу салтанатына билет сату туралы ақпарат тарағанын ұйымдастырушылар байқаған. Осы орайда, жабылау рәсіміне билет сатылып жатпағанын ресми түрде мәлімдеді. Кез келген жалған ақпарат алаяқтық болып саналатынын ескертті.
«Өтініш, күмәнді ұсыныстарға алданып қалмаңыздар. Ойындардың жабылу рәсіміне тек спортышылар қатысады. Ал көрермен жинау мүлде көзделмеген», – дейді ұйымдастырушылар.
Еске сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қатысушылар 21 спорт түрінен сынға түсуде. Этноауылда апта бойы күнделікті 100-ге жуық мәдени шара өтіп жатыр.