Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов 13 қыркүйекте Загребте (Хорватия) Гран-при жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпараты бойынша, спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирлік кестені сәтті өтті. Алтын медаль үшін ол Ахмад Юсифовке (Әзірбайжан) қарсы күресті.
"Довлатов мерзімінен бұрын жеңіске жетті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, осы турнирде Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Ғалия Дінбаева күміс медаль жеңіп алды. Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалға қатысты.
Ол алтын медаль үшін күресте жапондық Вакана Когаға есе жіберді.