Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Жанарыс Рахметқали 13 қыркүйекте Загребте (Хорватия) Гран-при жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, дзюдошы 1/2 Энцо Джинада (Франция) жеңіске жетіп, салмақ дәрежесінде 66 келіге дейінгі соңғы жекпе-жекке жетті.
Финалда Рахметқали британдық Майкл Фрайерді жеңіп алды. Қосымш уақытта Жанарыс "иппон" әдісімен басым түсті.
Бұған дейін
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Гран-при жеңімпазы атанған.
Сондай-ақ, осы турнирде Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Ғалия Дінбаева күміс медаль жеңіп алды. Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалға қатысты.
Ол алтын медаль үшін күресте жапондық Вакана Когаға есе жіберді.