Тағы да алтын: Қазақстанға жеңіс сыйлаған балуан кім

Редакция Ulyssport

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Жанарыс Рахметқали 13 қыркүйекте Загребте (Хорватия) Гран-при жеңімпазы атанды, деп хабарлайды  Ulyssport.kz 

Ұлттық олимпиада комитеті

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, дзюдошы 1/2 Энцо Джинада (Франция) жеңіске жетіп, салмақ дәрежесінде 66 келіге дейінгі соңғы жекпе-жекке жетті.

Финалда Рахметқали британдық Майкл Фрайерді жеңіп алды. Қосымш уақытта Жанарыс "иппон"  әдісімен басым түсті. 

Бұған дейін

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов  Гран-при жеңімпазы атанған. 

Сондай-ақ, осы турнирде Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Ғалия Дінбаева күміс медаль жеңіп алды. Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалға қатысты.

Ол алтын медаль үшін күресте жапондық Вакана Когаға есе жіберді.