Бас бапкер жеңіл атлеттердің Париж Олимпиадасына қалай дайындалып жатқанын айтты

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Париждегі Олимпиада ойындарына жеті қазақстандық жеңіл атлет жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: ҰОК

Не болды?

Қазақстан жеңіл атлетика құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов спортшылардың дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлады ҰОК. Оның айтуынша, қазір команда Алматы облысында жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Цитата

"Спортшылармен бірге жаттығу жиынында бапкерлер, физиотерапевт, дәрігер бар. Сондай-ақ спортшылар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаттығулар әр бапкердің жеке жоспары бойынша өтіп жатыр.

Команда Парижге 29 шілдеде Алматыдан ұшады. Олимпиада ойындарындағы негізгі мақсатымыз - үздік нәтижелер көрсету, лайықты бәсекелестік, жарыстың финалына шығу үшін күресу және, әрине, медальдар үшін таласу", - деді Карпов.

Олимпиада ойындары

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Парижде XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Оған 200 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Барлығы 32 спорт түрі бойынша 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.