Астанадағы Дэвис кубогы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик пен даниялық Элмер Мулердің ( рейтингтегі нөмірі 247) ойынымен ашылды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бублик айқын фавориттігі байқалған ойын мүлде күтпеген сценарий бойынша өтті.
Қазақстандық бірінші сетті сенімді орындағанымен, келесі екеуінде жеңіліп қалды.
Бұл нағыз сенсация – 19 жастағы дат өзінің мансабындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді.
Әрмен қарай, екінші күні Бублик Август Холмгренмен кездеседі.
Қазақстанның екінші ракеткасы, теннисші Александр Шевченко бірінші күні Холмгренге, екінші күні Мулерге қарсы ойнайды.
Сондай-ақ жарыстың екінші күні Александр Недовесов/Бейбіт Жуқаев пен Йоханнес Ингилдсен/Кристиан Зигсгаард арасындағы жұптық кездесу өтеді.
Дэвис кубогы – Қазақстан құрамасы тұрақты қатысатын ерлер арасындағы ірі халықаралық командалық теннис бәсекесі.
Турнир 1900 жылдан бері жыл сайын, ал 1979 жылдан бастап Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қолдауымен өткізіліп келеді. Әртүрлі елдердің теннисшілер командалары бір-бірімен матч өткізеді, жеңілген команда турнирден шығарылады.