Бокстан Ұлттық құрама капитаны ауысты

Редакция Ulyssport

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны ауысып, Асланбек Шымбергеновтің орнына жаңа капитан тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: ҰОК

АСЛАНБЕКТІ АЙБЕК АЛМАСТЫРДЫ

Бокстан Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында салмақ дәрежесін ауыстырған Айбек Оралбай Ұлттық құраманың жаңа капитаны ретінде тағайындалды. Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Асланбек Шымбергеновтің орнын басып, Ұлттық құраманың капитаны атанды.

Айбек те, Асланбек те Париж олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне алмаған еді. Дегенмен Айбектің жеңілісіне спорт мамандары төрешілердің әділетсіздігі себеп деп санайды.

Айбек Оралбай 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2021 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы.