“Біріккен күрес әлемі" (UWW) күнтізбелік жоспарына енген Атыраудағы Oil Capital Cup турнирінің үшінші жарыс күнінде еркін күрес шеберлері сынға түсіп, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Атыраудағы дүбірлі доданың үшінші жарыс күнінде еркін күрес шеберлері сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады. Жарыс алаңына 57, 65, 74, 92 және аса ауыр салмақтағы балуандар өнер көрсетті.
57 келіде Мерей Базарбаев Дәурен Әмірханды ұтып, турнирдің жеңімпазы атанса, 65 келіде ресейлік Абасгаджи Магомедовтың мерейі үстем болды. Ол финалда былтырғы ел чемпионы Маис Әлиевтің мысын басты.
74 келіде салмақта қазақстандық Қуандық Шалдар ақтық айқаста украиналық Вадим Кириленкодан басым түссе, 92 келіде украиндық балуан Илья Арчая үздік атанды.
Ал аса ауыр салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Азовқа тең келер қарсылас болмады.