Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді

Редакция Ulyssport

Супер орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (21-1,16КО) бүгін Ирландияда өткізген кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: sports24.kz

Әлидің қарсыласы француз Пьер Юбер Дибомбе болды. Жекпе-жек барлық 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісі.

Айта кетейік, бокс кеші Ирландияның Дублин қаласындағы 3Arena кешенінде өтті. Басты жекпе-жекте жергілікті боксшы Каллум Уолш польшалық Пшемыслав Руновскиймен жұдырықтасып, WBC Continental Americas Super Welter белдігін сарапқа салды.

Бокс кеші Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің «360 Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтті.

Еске сала кетйік, бұл – Әли Ахмедовтың осы жылдағы үшінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Карлос Риверо және Энкарнацион Диасты мерзімінен бұрын жеңген болатын.