Бүгін «Барыс» Ресейде «Витязь» командасымен кездеседі

Редакция Ulyssport

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: meta-ratings.kz

ҚАЙДАН КӨРУГЕ БОЛАДЫ

Кездесу бүгін, 21 қыркүйекте сағат 21:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 34 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі бес ойында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберген.

,«БАРЫС» ТӨРТ ОЙЫНЫН ЕЛОРДАДА ӨТКІЗЕДІ

Айта кетсек, «Барыс» елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябинск), «Амур» (Хабаровск), Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларынан жеңіліп қалған еді.

Одан кейін Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын овертаймда 2:1 есебімен сүріндірсе, «Ак Барс» (Қазан) клубына 0:5 есебімен жеңілді.

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі төрт ойынын елордада өткізеді. Алдымен 24 қыркүйекте Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) клубымен шеберлік байқасса, 26 қыркүйекте «Сочи», 28 қыркүйекте «Витязь» (Подольск), 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командаларымен кездеседі.