Қазақстандық жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев Alash Pride FC турнирінде жеңіл салмақта уақытша чемпиондық титулды иеленді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Ол жекпе-жекте бұрын жеңілмеген ресейлік Муслим Нурмагомедовты нокаутқа жіберді. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Осылайша, 27 жастағы Саламат өзінің ММА мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.
Исбулаев барлық жеңістерін мерзімінен бұрын аяқтаған. Үш рет қарсыласын нокаутпен жеңсе, үш рет қарсыластары берілуге мәжбүр болған.