Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті қоқыстан табылды

Редакция Ulyssport

Ақтауда аралас жекпе-жек спортшының денесі қоқыс контейнерінен табылған, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: видеодан скрин/Lada.kz

МӘЙІТ ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРІНЕН ТАБЫЛҒАН

Lada.kz сайтының жазуынша, 20 қыркүйекте Ақтауда 3-шағын ауданда файтер Вусал Жафаровтың мәйіті қоқыс контейнерінен табылған. Оның денесі жараланып, толық ісінген, беті қарайған.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

ПОЛИЦИЯ АҚПАРАТЫ

Ер адамның денесінің табылғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Желі қолданушыларының мәлімдеуінше, Вусал Жафаровты ұрып-соғып, ер адамның денесі бірнеше күн көшеде жатқан.

Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.