1996 жылғы Атлантада өткен Олимпиаданың чемпионы Василий Жиров "Голос народа" YouTube арнасына берген сұхбатында бокстан Қазақстан құрамасына көмектесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналист боксшыдан “көктемде сіз Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамына кіреді деген қауесет тарады”. Келіссөздер болды ма, болса немен бітті?” деп сұрайды.
Боксшы ондай әңгіменің болғанын растайды, бірақ әңгіме іс жүзіне аспаған.
Сондай-ақ ол Қазақстан ққрамасын жаттықтырғысы келетінін, ұсыныс түссе қабылдайтынын жеткізді.
“Мына жерді (басты көрсетті). Не істеп жатқаныңды психологиялық тұрғыда түсіну. Боксшылардың көбі физикалық тұрғыда жақсы дайындалған, бірақ дайындығы бір мақсатқа бағытталмаған. Көптеген боксшы әлемде ең мықты болудың түп мәнісін толық түсінбейді. Өздерінің кім екенін. Ал мен мұның бәрі қолдан келетінін білемін. Дайындығы бар әрбір адамнан жақсы боксшы жасауға болады, егер онда мақсат болса” дейді боксшы ұлттық құраманы жаттықтыратын болса, алдымен неден бастайтынын айтып.
Сөзінің соңында ол өзінің Қазақстанда екенін, келіссөзге ашықтығын жеткізді.
БОКСТАҒЫ ЖАҒДАЙ
Қазақстан боксшылары екі олимпиада қатарынан алтын жүлдесіз қалып отыр. Биылғы олимпиадада ерлер құрамасындағы жеті спортшының алтауы жартылай финалға жетпей жеңілген болатын. Париж олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін бокс құрамасы сапында үлкен өзгерістер болатыны айтылды.