28 қыркүйек күні Алматыда өтетін жекпе-жек кешіне қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қатыспайтын болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
AllStarsBoxing өзінің ресми парақшасында Тұраров пен Пинто арасындағы жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Ол Алматыда өткен бокс кешінде Жапония өкілі Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, IBO чемпиондық атағын қорғап қалған еді. Сондай-ақ ол WBA Gold белбеуін жеңіп алған.
Еске салсақ, ол композитор Қалдыбек ҚҰрманәлінің қызы Әнару Құрманәліні зорлады деген күдікке ілінген.