Бүгін, 25 қыркүйекте футболдан Лига кубогының жартылай финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Жарыстың аталған сатысында «Астана» мен «Елімай» (Семей), «Қайрат» (Алматы) пен «Жеңіс» (Астана) командалары қарымта кездесу өткізеді. Екі матч та елорда уақытымен 19:00-де басталады.
Алғашқы ойында «Жеңіс» командасы «Қайратты» 2:0 есебімен жеңсе, «Астана» мен «Елімай» 0:0 есебімен тең түскен.
Финал 24 қарашаға жоспарланған.
Лига кубогы ойындары биыл елімізде алғаш рет басталды. Бас жүлдеге қол жеткізген команда қомақты ақшалай сыйақы алады.