Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық "Силькеборг" сапындағы екінші голын соқты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Кеше, 25 қыркүйекте "Силькеборг" клубы Дания ұлттық кубогының 1/16 финалдық кезеңі аясында "Роскилле" командасымен сырт алаңда матч өткізді. Кездесу "Силькеборг" клубының жеңісімен аяқталды.
Бұл матчты Рамазан Оразов қосалқы құрамда бастады. Қазақстандық футболшы командаласы Юнес Бакиздің орнына 73-минутта алаңға шықты. Сондай-ақ Рамазан Оразов 90+3-минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Рамазан Оразов "Силькеборг" сапындағы екінші голын салды. Ойынның нәтижесі бойынша "Силкеборг" 3:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов биыл маусым айының соңында "Ақтөбемен" қош айтысып, даниялық "Силькеборгтың" сапына қосылған болатын.