Стенд атудан Азия кубогында қазақстандық спортшылар бірнеше медаль алды

Редакция Ulyssport

Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: ҰОК

Olympic.kz сайтының жазуынша, ерлер арасындағы «дубль-трап» бағдарламасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Бұл бәсекеде ел намысын Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин және Никита Чикулаев қорғаған.

Владлен Калимулин «дубль-трап» бойынша жекелей сында қола медаль иеленді. Сондай-ақ «трап» санатындағы жасөспірімдер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы алтын медальға қол жеткізді.

«Трап» жаттығуы бойынша әйелдер арасындағы командалық сында Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина және Карина Почиваловадан құралған Қазақстан командасы қола медаль еншіледі.

«Трап» жаттығуынан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы (Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов) күміс медаль иеленді.