Медаль талап ету - әділетсіз: Баландин Олимпиадаға қатысатын жүзгіштер туралы

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин қазіргі уақытта Олимпиада ойындарында отандық спортшылардан жүзуден медаль талап ету әділетсіз екенін айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы облысында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі өтті.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин алдағы жарыстар мен қазақстандық жүзгіштердің дайындығы туралы пікір білдірді.

"Екі адам іріктелді. Соңғы сәтте осы екі спортшының елдегі ең күшті және жылдам екені белгілі болды. Олар Олимпиада ойындарына қатысу құқығын адал жеңіп алды. Жігіттер медаль алады деп үміттенудің қажеті жоқ. Құрам жасарды. Жігіттер жас әрі тәжірибесіз. Олардан медаль талап ету - әділетсіз. Басты міндет - өздерінің ең жақсы нәтижесін көрсету. Ең жоғарғы міндет - финалға шығу. Дайындық жоспарлы түрде өтіп жатыр. Әділбек Мусин еркін стильде 100 метр және баттерфляймен 100 метр қашықтықта өнер көрсетеді. Ал Ксения Игнатова шалқалап жүзуден 100 метр қашықтықта сынға түседі. Оларға жанкүйер болып, қолдауға шақырамын", - деді ол.

Дмитрий Баландин - қазақстандық жүзгіш, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы (200 метр брасс), 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы. 50, 100 және 200 метр брасс қашықтықтарында Қазақстан рекордшысы, еңбек сіңірген спорт шебері.

Бұған дейін Қазақстан құрамасын Париждегі Олимпиада ойындарына шығарып салғаны хабарланған болатын.