Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Редакция Ulyssport

30 қыркүйекте Қазақстан және Аргентина құрамасы Өзбекстандағы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында кездесті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

kff_team_futsal

Бірінші таймда ойын деңгейі де, есеп те тең болған. Алайда екінші таймда аргентиналықтар алты рет доп соқты. Ойын Аргентинаның пайдасына 1:6 есебімен аяқталды.

Қазақстандықтар соққан жалғыз голдың авторы Дәурен Тұрсағұлов.

Осылайша, Аргентина жартылай финалға өтіп, онда Франциямен кездеседі, ал Қазақстан жарысты осы жерден аяқтайды.

Айта кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, D тобында екінші орын алды. Турнирдің басында Қазақстан Испаниямен (1:1) тең ойнады, содан кейін Ливияны (4:1) және Жаңа Зеландияны (10:0) жеңді.

1/8 финалда Қазақстан құрамасы қазіргі әлем чемпионы Португалия құрамасын (2:1) жарыстан шығарып, сенсация жасады.