Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нышан Өмірәлі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Нышан Елубайұлы Жамбыл облысының тумасы. Ол 17 жасынан спортпен айналысып, бүгінгі күнге дейін екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы, Азия ойындарының және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері, Токио-2020 және Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қатысушысы болып келді, - делінген хабарламада.
Нышанның артында жары мен үш баласы қалды.