Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович салмақ өлшеп, көз түйістірді

Редакция Ulyssport

WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) міндетті қарсыласы Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: Janibek_qazaqstyle

Жәнібек таразыда 159,6 фунт (72,3 кг) болды, ал Андрей – 159,9 фунт (72,5 кг) шықты.

Айта кетейік, Жәнібек – Андрей жекпе-жекгі No Limit Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен 4 қазан күні Австралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтеді. 

Боксшылар IBF әлем чемпионы атағы үшін рингке шығады. 

Кәсіпқой бокс кешін қазақстандықтар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирінен көре алады.