Бағы жанған жеңеді: жеңіл атлеттердің жаттықтырушысы жазғы Олимпиада туралы

Редакция Ulyssport

Қазақстан жеңіл атлетика құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов Олимпиада ойындарындағы нормативтер өте жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Алматы облысында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі өтті.

Қазақстан жеңіл атлетика құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов алдағы жарыстар туралы сұраққа жауап берді. 

Әр спортшы – элита

“Біз 8 лицензия жеңіп алдық. Олимпиада ойындарының нормативтері өте жоғары. Спортшылардың көбі рейтингтік ұпайлар бойынша өтті. Олимпиада ойындарына қатысу - әр спортшы үшін үлкен жетістік. Бұл әлемдік жеңіл атлетиканың элитасы. Құрамадағы әр спортшы - қазақстандық жеңіл атлетиканың элитасы", - деді ол.

Легионерлер

"Футбол, хоккей және кез келген спорт түріндегі легионерлер... Бұлар 15 жасында алынған спортшылар. Оларды біз өсірдік. Бізде легионерлер жоқ. Жеті адамның барлығына үміт артамыз. Әрқайсысына өзіме сенгендей сенемін. Ең алдымен, жеке рекордтарын көрсетулері керек", - деді ол.

Лицензиялар

Сондай-ақ, Карпов жеңіл атлетикадан Олимпиада ойындарына барған лицензиаттар саны азайып келе жатқаны туралы қауесеттерге түсініктеме берді. Ол әр Олимпиада циклінде Ойындарға өту нормативі өзгеретінін нақтылады.

"Менің уақытымда екі топ болды. 20 адам өтетін. Қазір Олимпиада ойындарына өту үшін әлемдік жиырмалықта болу керек. Нормативтерді екі есе көтерді. Диванда отырып сын айтушылар сияқты сырттан бағалауға болмайды. Олимпиада нормативтері жоғарылай түсуде. Олимпиадаға барлық дайын спортшылар барады. Барлық спорт түрлері бойынша. Бәрі бірдей. Жолы болғандар жеңеді. Бұл көбіне бақ. Өзім сонда болдым, өзім жақсы түсінемін", - деді ол.

Бұған дейін Қазақстан құрамасын Париждегі Олимпиада ойындарына аттанғаны хабарланған еді.

Олимпиада ойындары

Олимпия ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде Париждегі Сена өзенінде өтеді. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.