Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Сиднейде (Австралия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Әлімханұлы түбі ресейлік, қазір Жаңа Зеландия атынан шыққан Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) айқасты. Бұл жекпе-жек IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем титулдары үшін болған. Бастапқыда боксшылар тек IBF белбеуіне таласады деп жоспарланған болатын.
Жекпе-жек он екі раундқа есептелді. Қарсылас қазақ боксшысына 9 раунд бойы жармасып, клинчпен қарқынын бәсеңдетпек болған. Тоғызыншы раундта Әлімханұлының техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.
Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады, ал Андрей Михайлович кәсіби рингте алғашқы жеңіліске ұшырады.