×

Мәнерлеп сырғанау: Шайдоров Денис Тен мемориалында чемпион атанды

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Қазақстан командасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Астанада өтіп жатқан Денис Тен мемориалында топ жарып, алтын алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 22:23
Мәнерлеп сырғанау: Шайдоров Денис Тен мемориалында чемпион атанды
ҰОК

Спортшы бірінші орын алып қана қоймай, сондай-ақ қысқа бағдарламада 95,50 ұпай жинап, жеке рекордқа қол жеткізді. 

Шайдоров еркін бағдарламаны орындау кезінде төрешілерден 166,83 ұпай алды. Жалпы есеппен ол 262,33 балл жинаған.

Екінші орынға 246,00 ұпаймен әзербайжандық Литвинцев табан тіреді. Ал қола жүлде Ника Егадзеге (Грузия) бұйырды – 242,43.

Сондай-ақ бүгін өазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында екінші орын алды. 

Жалпы алғанда спортшы қыз 189,67 ұпай иеленді. Бұл нәтиже оның екінші орын алуына мүмкіндік берді. 

Бірінші орынды 195, 91 ұпаймен грузиялық Анастасия Губанова алса, үшінші орын италиялық Лара Гутманға бұйырды.

Ол 188,86 ұпай алды.

Новости партнеров