«Реал» капитаны матч кезінде ауыр жарақат алды

Редакция Ulyssport

Мадридтік «Реал» клубының испаниялық қорғаушысы Дани Карвахаль «Вильяреаллға» қарсы матчта ауыр жарақат алып қалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: Getty Images

Ла лиганың 9-туры матчының соңында футболшының допқа сермеген аяғы қарсыласына тиіп кетіп, ол газонға құлады. Ойын тоқтатылып, Карвахальді дәрігерлер алып кетті.

Аяғымның ауыр жарақаттанғаны расталды, енді операция жасалып, бірнеше ай бойы алаңға шыға алмаймын. Тезірек өз қалпыма келсем деп үміттенемін, – деді «Реал» капитаны бірнеше сағаттан соң.

Бұл матчта «корольдік» клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің 14-минутында Вальверде мергендік танытса, 73-минутта Винисиус Джуниор есепті еселеді.

32 жастағы Карвахаль Мадрид клубының сапында 2013 жылдан бері ойнайды. Осы уақыт аралығында команда алты рет Чемпиондар лигасында, төрт рет Испания чемпионатында топ жарды.

Қорғаушының нарықтағы құны 12 миллион еуро.