Бүгін футзалдан әлем чемпионы қай команда болатыны анықталады

Редакция Ulyssport

Жексенбі, 6 қазан күні футзалдан Өзбекстандағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетеді. Бразилия мен Аргентина құрамалары финалдық матчта кездеседі, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Getty Images

Бразилия – Аргентина матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Аргентина ширек финалда Қазақстан құрамасын жарыс жолынан шығарды. Сондай ақ оңтүсікамерикалықтар үш жыл бұрын өткен жаһан біріншілігінің финалисі.