Екеуін сатып жіберген: Олимпиада жүлдегеріне тағы бір көлік сыйға берілді

Редакция Ulyssport

Бокстан Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай екі көлігін сатып жіберсе де тағы бір көлікке ие болып отыр, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: Алматы қаласы бокс федерациясы

2024 жылы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға бұған дейін 3 көлік тарту етілген болатын. Спортшы оның екеуін, яғни Zeekr мен Mini Cooper-ді сатуға қойды. Себебі ол ақшаға мұқтаж екен.

Дегенмен жуырда ғана Алматы қалалық бокс федерациясы Назым Қызайбайды жазғы Олимпиадада қола жүлде алуымен құттықтап, тағы бір көліктің кілтін ұстатты. Спортшы енді ол көлікті қалай пайдаланатыны белгісіз.