Футзал: Бразилия 2024 жылғы әлем чемпионы атанды

Редакция Ulyssport

Бразилия құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы атанды. Олар бүгін финалда Аргентинадан басым түсті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: Getty Images/Global Images Ukraine

Кездесу барысында бразилиялық құрама алдымен екі гол соқты. Феррао 6, Рафа 13-минутта мергендік танытты.

Ал 39-минутта аргентиналық Матиас Роза есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ.

Осылайша Бразилия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, алты дүркін әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Олар бұған дейін 1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жылдары жеңіске жеткен еді.