Қазақстанда 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

Редакция Ulyssport

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Министр Ербол Мырзабосынов Будапешттегі сапарында Халықаралық Дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен өте маңызды кездесу өткізгенін хабарлады. Кездесу нәтижесінде елде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілген.

– Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді, – дейді ол.

Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Министр бұл бастама Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушыларының кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізеді деген сенімде.