Қазақстан құрамасы Үндістан құрамасынан жеңілді

Редакция Ulyssport

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Азия біріншілігінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

nstagram/ttrfk

Ширек финалда қазақстандық спортшылар құрлықтық чемпионаттың бес дүркін қола жүлдегерлер Үндістан құрамасымен кездесті. 

Қонақтар қазіргі жарыстың жартылай финалына жолдама алып, алаң иелерін 3-1 есебімен жеңді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында медальға қол жеткізе алмады. Егер солай болған күнде бұл тарихи жетістік болар еді.