Бауыржан Исламхан да «Ордабасымен» қош айтысуы мүмкін

Редакция Ulyssport

Шымкенттік команданың жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан биыл қыста "Ордабасы" сапынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: kazfootball.kz

Vesti.kz сайтының жазуынша, Исламхан биыл ҚПЛ-да "Ордабасы" сапында 16 матч өткізіп, 1 гол соққан және 3 нәтижелі пас берген. Сондықтан Бауыржанға клуб басшылығы жаңа келісімшарт ұсынғанда қазіргі алып жүрген жалақысынан аз ақша ұсынуы мүмкін. 

Шымкенттік клуб басшылары Исламханның маңызды ойыншы екенін жақсы түсінеді. Алайда соңғы екі маусымда команданың негізгі ойыншылар алмасқан жоқ. Бас бапкер Кирилл Кекер болса әзірге жастарға көп мүмкіндік беруде.

Бауыржан Исламхан 2023 жылы "Ордабасымен" бірге Қазақстан чемпионы атанған. Бұған дейін ол "Қайрат", "Астана", "Тараз" клубтарының сапында өнер көрсетті. 

Еске салсақ, бұған дейін Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубынан кетуі мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.