Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үздік бестікке енді

Редакция Ulyssport

Бұрын футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 8 орында болса, жаңарған рейтингте үш сатыға жоғарылады. Бұл соңғы әлем чемпионатындағы сенсациямен байланысты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Рейтингтің көшбасшысы ұзақ уақыт бойы бірінші орынды иеленген Бразилия құрамасы болып қала берді. 

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйек –  6 қазан аралығында Өзбекстанда өткен футзалдан әлем чемпионатында бас бапкер Кака шәкірттері топтық кезеңді екі жеңіс және бір тең есеппен аяқтаған. Ал финалдың 1/8 бөлігінде Португалия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп сенсация жасаған.

Алайда, ширек финал кезеңінде қазақстандық спортшылар аргентиналықтардан 1:6 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтаған еді. Чемпионатта Бразилия құрамасы жеңіске жетті.