Бұл туралы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханові Vesti.kz порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Демеу Жадраевтың Парижге өзінің жеке бапкері Боранбек Қоныратовсыз барғанын көпшілік байқаған еді. Федерация президенті бапкердің неге спортшыны жарысқа ертіп бармағанын түсіндірді.
"Жадыраевтың бапкері Боранбек Қоныратов – еңбек сіңірген жаттықтырушы, оның тәлімгері. Бірақ Қазақстан чемпионаты кезінде ол жарыстың бас төрешісіне қол жұмсады. Әрине, федерация мүшелері бұған жауап берді, және ол жылдың соңына дейін шеттетілді. Бірақ бұл жерде екіжақты мәселе бар. Ол не үшін жазаланғанын жақсы біледі. Егер бұл оқиға шетелде болса, оны 10 жылға дейін спортзалға кіргізбес еді. Егер біз мұны елемей, төрешілерді соққыға жыға беретін болсақ, онда кім біздің балуандарымыздың жекпе-жектерін төрелік етеді? Тәртіп болуы керек. Бұл оқиға Спорт сарайындағы көпшілік алдында болған", – деді федерация президенті Даулет Тұрлыханов.
Еске салайық Демеу Жадыраев Париждегі олимпиада ойындарында финалға дейін жетіп ақтық сында жапон балуанына жол берген еді.