Қазақстан теннисшісі беделді WTA-1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің жұптық разрядының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: ФТК

Ширек финалда Данилина мен Хромачева жұбы канадалық Габриэла Дабровски мен жаңа зеландиялық Эрин Рутлиффтен құралған мықты жұпты 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.

Данилина мен Хромачева кортта үстемдік етіп, үш эйс соғып, бірде-бір қос қателік жіберген жоқ. Олар сегіз мүмкіндіктің үшеуінде брейк-пойнтты сәтті орындады, ал қарсыластары бес қос қателік жіберіп, төрт брейк-пойнттың тек біреуін ғана пайдалана алды.

Жартылай финалда Данилина- Хромачева жұбы ресейлік Екатерина Александрова мен чехиялық Катержина Синяковадан құралған жұппен кездеседі.