Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Анна Данилина Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жартылай финалда ресейлік Екатерина Александрова – чехиялық Катерина Синяковамен бақ сынасты.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Екіншісін де сәтті аяқтай білді – 6:4.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Данилина – Хромачева 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Александрова – Синякова 3 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есептеріне жазды.
Анна Данилина – Ирина Хромачева жұбы финалда америкалықтар Джессика Пегула – Айша Мухаммадпен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Шымкенттегі турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.