Қазақстандық теннисшілер Скатов пен Шевченко АТР 250 турнирінің ширек финалына шықты

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Александр Шевченко АТР 250 деңгейіндегі Almaty Open турнирінің жұптық жарысында сәтті бастама жасады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: ktf.kz

Бірінші айналымда қазақстандықтар америкалық жұп Эван Кинг пен Риз Штальдерді 6:1, 7:6 (7:5) есебімен жеңді.

Ширек финалда Скатов пен Шевченко аргентиналық Гвидо Андреоцци және үндістандық Шрирамбалая Нараянасвами немесе австралиялықтар Джеймс Дакворт пен Александр Вукичпен кездеседі.

"Тимофеймен бірге жұпта ойнауға әрқашан мүмкіндік бола бермейді, бірақ Қазақстанның теннис федерациясы бізге wild card берді, және біз бұл сенімді ақтап, алғашқы айналымда жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Жақсы ойнап, мықты жұпты жеңдік. Бізде турнирлік кесте бойынша әрі қарай өтуге барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын", – деді Шевченко.

Скатов та өздерінің өнеріне қатысты пікір білдірді:

"Әлемдік жұптық рейтингте біз Александр екеумізде рейтинг жоғары емес, бірақ мүмкіндік болса, Қазақстан жанкүйерлерін жиі қуантқымыз келеді. Соңғы рет біз Сашамен 2021 жылы "фьючерс" турнирінде бірге ойнап, алғашқы айналымда жеңілгенбіз. Бұл турнирде жұптық және жекелей разрядта алдыма ең биік мақсаттар қойып отырмын", – деп атап өтті Скатов.

Алматыда ATP 250 Almaty Open теннис турнирінің жүлде қоры миллион доллардан асатын іріктеу матчтары басталды, ал 15 қазанда ресми ашылуында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Алматының турнир өтетін орын ретінде таңдалуы кездейсоқ емес, өйткені дәл осы жерде өткен ғасырдың 30-жылдарында еліміздегі алғашқы теннис мектептерінің бірі ашылып, Қазақстанда спорттың осы түрінің дамуына негіз болды