Шевченко vs Кукушкин: қос қазақстандықтың текетіресінде кім жеңді

Редакция Ulyssport

Александр Шевченко (61 АТР) АТР 250 Almaty Open турнирінің бірінші айналымында Михаил Кукушкинді (111 АТР) жеңді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Екі сағаттан астам уақытқа созылған ойын 7:6 (7:5), 7:6 (7:4) есебімен Александрдың пайдасына аяқталды. Енді Шевченко екінші айналымда ресейлік Аслан Карацевпен кездеседі.

Бұл Михаил мен Александрдың арасындағы екінші кездесу болды. Есеп теңесті.

Almaty Open 13-20 қазан аралығында Алматыда өтеді.

ТУРНИР ТАРИХЫ

ATP 250 сериясындағы алғашқы жыл сайынғы турнир 2020 жылы Астанада өтті. 2022 жылы турнир деңгейі бір рет ATP 500-ге дейін көтеріліп, шынымен де жұлдызды құрам жиналды (әлемдік рейтингтің ТОП-10 ойыншылары): Новак Джокович, Стефанос Циципас, Даниил Медведев, Карлос Алькарас, Хуберт Хуркач, Андрей Рублев және басқалар.

ATP 250 Almaty Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион доллардан асады.