Есені қайтарды: футболдан Қазақстан құрамасы Шотландияны жеңіп кетті

Редакция Ulyssport

2024 жылдың 15 қазанында Қазақстан мен Шотландияның жастар құрамалары 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында матч өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы үшін голдарды Айбар Абдулла (30-минутта), Әділбек Жұмаханов (66-минутта) және Ян Труфанов (74-минутта) соқты.

Жеңіске қарамастан, Қазақстан өз тобының бесінші орнында қалып отыр. В тобының көшбасшысы – 28 ұпай жинаған Испания құрамасы.