«Барыс» тағы да жеңілді

Редакция Ulyssport

Астаналық «Барыс» Континентальды хоккей лигасының үйде өткен матчында уфалық «Салават Юлаевпен» ойнап, 2:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

«Барыс» бас бапкері Вячеслав Буцаев келесі құрамды алаңға шығарды: Бояркин (Маттссон) — Антипин-Грант, Де Лео-Маклауд-Сетдиков; Бутчер-Болье, Жафяров-Апальков-Бурдасов; Бекетаев-Камалов, Симонов-Кодола-Оспанов; Муратов-Гайтамиров, Панюков-Өмірбеков-Асетов.

Ойында алғашқы голды Кирилл Панюков салды, бірақ бірінші кезеңнің соңына дейін қарсылас есепті теңестіріп, екінші кезеңде алға шықты. Алихан Өмірбеков есепті теңестіргенімен, ресейліктер тез арада үшінші шайбаны енгізіп, қайта алға шықты. Соңғы кезеңде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ, ойын 2:3 есебімен аяқталды.

19 қазанда «Барыс» сырт алаңда Ярославльдің «Локомотивімен» кездеседі.