Александр Шевченко ATP-250 ширек финалына шықты

Редакция Ulyssport

Әлемнің 61-ракеткасы Александр Шевченко Алматыда өткен ATP-250 санатындағы турнирде әлемнің 139-ракеткасы ресейлік Аслан Карацевті жеңіп шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Кездесу 1:6, 7:6, 5:7 есебімен Шевченконың пайдасына аяқталды.

Матч 2 сағат 21 минутқа созылды. Ресейлік теннисші үш рет эйс жасады, бір қосарланған қателік жіберіп, екі брейк-пойнттың бірін сәтті пайдаланды. Оның қарсыласы жеті эйс жасап, бірде-бір қосарланған қателікке бой алдырмай, бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті орындады.

Матч барысында Карацев аяқтан жарақат алып, медициналық тайм-аут алды.