Үстел теннисінен Кирилл Герасименко Франциядағы турнирге қатысады

Редакция Ulyssport

Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Монпельедегі WTT Champions (Франция) турниріне қатысады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: Olympic.kz

Қатысушылар қатарында Уго Кальдерано (Бразилия), Лян Цзинкунь (Қытай), Лин Шидун (Қытай), Феликс Лебрун (Франция), Линь Гоаюань (Қытай), Томокази Харимото (Жапония), Лин Юн-Джу (Тайбэй), Данг Цю (Германия), Патрик Франциска (Германия), Трулс Морегард (Швеция) секілді танымал спортшылар бар.