Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы ойсырай жеңілді

Редакция Ulyssport

Қазақстанның футзалдан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Нидерланд командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ашық дереккөзден

Ойын Астанада өтті және 6:0 есебімен нидерландтықтардың жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы негізгі іріктеу кезеңінің жеребе тартуы нәтижесінде Нидерланд және Польша командаларымен бірге 6-топқа түскен еді. Топ жеңімпаздары элиталық іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан құрамасының келесі ойыны 19 қазанда Польшаға қарсы өтеді.

Әйелдер арасындағы футзал бойынша алғашқы әлем чемпионаты 2025 жылдың 21 қарашасынан 7 желтоқсанына дейін Филиппинде өтеді. Турнирге барлығы 16 команда қатысады, ал Еуропадан (УЕФА) төрт құрама іріктеледі.